УЕФА - VAR жүйесіне өзгеріс енгізуді сұрап отыр

29.12.2019, 23:00
УЕФА - VAR жүйесіне өзгеріс енгізуді сұрап отыр

УЕФА бейнеқайталау жүйесіне қатысты өзіндік ұсыныстарын дайындап жатыр. Ұйым басшысы Александр Чеферин 29 ақпанда өтетін жиында VAR қызметі ережесін қабылдайтын IB халықаралық кеңесіне осы ұсыныстарды жеткізбек. Айта кетейік, Чеферин бұған дейін де VAR жүйесіне қатысты сын айтқан болатын.

Белгілі болғандай, жиында офсайдты анықтау жайы сөз болады. УЕФА дайындаған ұсыныстардың бірі осыған қатысты. Ұйым тым ұсақ офсайдтарды есепке алмауды кемі 15 сантиметрден жоғары эпизодтарды ғана ескеруді қалап отыр.

Сондай-ақ, УЕФА неге VAR жүйесін қолдануды бас төреші ғана шешеді деген сауалды қайта көтермек. Чеферин осы тұста бейне қайталауды сұрау мүмкіндігін ойыншыларға да беруді ұсынып отыр.

Шамкен БАЙЫРБЕК.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×