Уэйн Рунидің баласы «Манчестер Юнайтедпен» келісімшартқа отырды

18.12.2020, 15:49
Баласы өткен айда 11 жасқа толған екен.
Уэйн Рунидің баласы «Манчестер Юнайтедпен» келісімшартқа отырды

"Дерби Каунти" клубында бас бапкердің міндетін атқарушы Уэйн Рунидің ұлы "Манчестер Юнайтедпен" келісімшартқа отырды.

Бұл жайлы Англия құрамасының экс-капитаны өзінің Instagram парақшасында жариялады, суреттің астына мынадай пікір қалдырыпты: "Атаулы күн. Кай "Манчестер Юнайтедпен" келісімшартқа отырды. Осы қалпыңнан тайма, ұлым. Мен сені жақсы көремін."

Кай Руни 2009 жылы 2 қарашада дүниеге келген.

Уэйн Руни 2004-2017 жылдар аралығында "Манчестер Юнайтедтің" намысын қорғады. Команда құрамында Англияның бес дүркін чемпионы атанды. 2008 жылы УЕФА Чемпиондар лигасын жеңіп алды.

Уэйн Руни 14 қарашада "Дерби Каунтиде" бас бапкердің міндетін атқарушы болып тағайындалғанын мәлімдеді. Қазіргі уақытта 16 ұпай жинаған "қошқарлар" Чемпионшипте 22-орында тұр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×