Уэльс фанаттары Дастан Сәтпаевты құшақ жая қарсы алды

21.03.2025, 17:52

Кардиф әуежайында фанаттар Дастан Сәтпаевты ортаға алып, қолтаңбасын сұрады.

Уэльс фанаттары Дастан Сәтпаевты құшақ жая қарсы алды
Дастан Сәтпаев

Бұл жағдай Қазақстан құрамасының жергілікті әуежайға келіп қонған кезінде орын алған болатын. Британиялық жанкүйерлер Қазақстан құрамасының шабуылшысымен бірлескен фотоға түсіп, оны танитындарын әрі «Челсиге» фанат екендіктерін айтқан. 

Дастан Сәтпаев 18-ге толғанда ресми түрде лондондық клуб жейдесін кимек. Оған дейін 16-жасар ойыншы алматылық «Қайрат» сапында шеберлігін шыңдайды. 

Жас шабуылшы ертең түнде Уэльске қарсы кездесуге дайындалуда. Айта кетейік, Әли Ханәліұлы Әлиев «Челси» өкілін Қазақстан құрамасының ӘЧ-2026 іріктеуіндегі Уэльс пен Лихтенштейн құрамасына қарсы ойынға қатысатын футболшылар тізіміне қосты. 

Дастан Сәтпаев ҚПЛ-2025-тің алғашқы екі турында өнер көрсетіп, бір гол салды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 7
Ұнамайды 0
Күлкілі 1
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×