Қазақстан ұлттық құрамасы 2026 жылғы футболдан әлем чемпионатының іріктеу кезеңінде Уэльспен кездесті.
Алғашқы тайм тең дәрежеде өткенмен, допқа иелік ету бойынша қонақтар басым болды. 24-минутта айып добынан кейін қақпашы Темірлан Анарбеков соққыны қайтарғанымен, Киффер Мурдың соққысын тоқтата алмады.
Екінші таймда алаң иелері қарқынды арттырды. Ғалымжан Кенжебек қақпа маңында қауіпті сәттер ұйымдастырып, бір соққысымен допты қақпа бағанасына тигізді. Одан кейін ол Ислам Чесноковпен ауысты. Бірақ ол да ойын тағдырын өзгерте алмады.
Қазақстан – Уэльс 0:1
Гол: Мур, 24 (0:1).
Енді Қазақстан құрамасы жексенбіден дүйсенбіге қараған түні сырт алаңда Бельгияға қарсы ойнайды.
Бұл ойыннан кейін 10 ұпай жинап, J тобында көш бастады.