4 қыркүйек күні елордасы Астанада Әлем чемпионатына іріктеу аясында Қазақстан мен Уэльс кездеседі.
Шетелдік The Pembrokeshire Herald басылымы “қызыл айдаһарларды” қолдау үшін Қазақстанға 1000 жанкүйердің жолға шыққанын хабарлады. Олар 4 қыркүйек күні болатын Қазақстан - Уэльс кездесуінде өз командасына қолдау білдіру үшін 4900 шақырымды артқа тастамақ ниетте.
Еске салсақ, осы жылдың 23 наурызында жоғарыда аталған ұжымдар бір-біріне қарсы Кардифте алғашқы матчын өткізген болатын. Уэльс астанасында ойнатылған сол кездесуде алаң иелері қонақтарды 3:1 есебімен жеңді. Біздің құрамасы сапынан ойындағы жалғыз голды пенальтиден Асхат Тағыберген соқты.
Айта кетейік, Қазақстан -Уэльс арасындағы кезекті іріктеу матчы 4 қыркүйек күні сағат 19:00-де басталады. Кездесуді телекөрермендер “Qazsport” телеарнасынан тамашалай алады.