Уэльс құрамасының бас бапкері Қазақстанға қарсы ойын жайлы: бұл қиын бәсеке

22.03.2025, 15:55

Уэльс құрамасының бас бапкері Крейг Беллами Қазақстанмен болатын ойын мен командасының іріктеудегі мақсаты жайлы айтты.

Уэльс құрамасының бас бапкері Қазақстанға қарсы ойын жайлы: бұл қиын бәсеке
Крейг Беллами

«Бұл қиын бәсеке. Біз жоғары деңгейде ойнай аламыз. Сіз жеңіске лайық болуыңыз керек. Біз барлығымыз футболда бірінші күн жүрген жоқпыз, сондықтан жеңіс үшін қажетті деңгейде тер төгу керегін білеміз. Біздің мақсатымыз бар, бірақ оған ертең Қазақстанмен болатын кездесуде жету мүмкін емес. Асықпай, қадам-қадаммен алға басамыз. Қазақстанның осының алдында ғана бапкерін ауыстырғанын білемін, әрине. Біз үшін де бұл қалыпты жағдай. Мұндайда сіз өткенге зер салып, қарсыластың жаттықтырушысының өткен жолына, тәжірибесіне назар саласыз. Бірақ бұл алдағы кездесуге таңдайтын тактикаға еш әсер етпейді», - деген еді К. Беллами. 

Қазақстандық футболшылар наурыздың 22-нен 23-не қараған түні Уэльске қарсы тұрмақ. Ал тағы үш күн өткен соң сыртта Лихтенштейн құрамасымен жолығады.

Бұл екі матч ӘЧ-2026 іріктеуі аясындағы ойындар. Бізден бөлек J тобында тағы Бельгия мен Солтүстік Македония құрамалары да бар.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 5
Ұнамайды 2
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×