Уэльс құрамасының жартылай қорғаушысы: біз өзіміздің алаңымызда әрдайым батылмыз, бірақ бұл жолы оңай болмайын деп тұр

21.03.2025, 22:38

Уэльс пен «Лидстің» жартылай қорғаушысы Даниэль Джеймс ӘЧ-2026 іріктеуінің аясындағы Қазақстан құрамасына қарсы ойын туралы ойын айтты.

Уэльс құрамасының жартылай қорғаушысы: біз өзіміздің алаңымызда әрдайым батылмыз, бірақ бұл жолы оңай болмайын деп тұр
Даниэль Джеймс «Манчестер Юнайтед» сапында

«Бізге Армения келгенде аямап еді. Сол кездегі нәтиже ақыр аяғы бүкіл іріктеу компаниясына әсер еткен. Сондықтан, ешқандай қарсыласқа шекеден қарауға болмайды. Артқа көз тастап, сондай ойындардан сабақ алуымыз керек. Мүмкін сол кездесуде 1:0-мен алдыға шығып алғанда бейқамдық танытқан шығармыз, себебі кез-келген команда мүмкіндігін пайдаланып, сізді жазалап кете алады. Халықаралық деңгейде қазір барлық команданың дайындығының жоғары екенін байқаймын. Біз өзіміздің алаңымызда әрдайым батылмыз, бірақ бұл жолы оңай болмайын деп тұр», - деді Д. Джеймс. 

Қазақстандық футболшылар наурыздың 22-нен 23-не қараған түні Уэльске қарсы тұрмақ. Ал тағы үш күн өткен соң сыртта Лихтенштейн құрамасымен жолығады.

Бұл екі матч ӘЧ-2026 іріктеуі аясындағы ойындар. Бізден бөлек J тобында тағы Бельгия мен Солтүстік Македония құрамалары да бар.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 1
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×