Уэльс пен Швейцария ұпай бөлісті

13.06.2021, 01:50
Ойындағы қос гол да баспен соғылды.
Уэльс пен Швейцария ұпай бөлісті

Бүгін, 12 маусымда Уэльс Швейцария құрамасымен кездесті. Ойын тең аяқталды - 1:1. Аталмыш матч Бакудегі (Әзірбайжан) Олимпиада стадионында өтті. Кездесуде Клеман Турпен бастаған франциялық төрешілер қызмет етті.

Бірінші таймда командалар гол соға алмады. Ал 49-минутта Швейцария құрамасының шабуылшысы Брил Эмболо жартылай қорғаушы Шердан Шакиридің пасын сәтті пайдаланып, есеп ашты. 74-минутта Уэльс шабуылшысы Киффер Мур жартылай қорғаушы Джозеф Моррелдің пасынан кейін таразы басын тең қылды.

А тобында Түркиядан басым түскен (3:0) Италия құрамасы көш бастап тұр. Швейцария мен Уэльс құрамалары бір-бір ұпаймен екінші орынды бөлісіп тұр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×