Уэльс Түркияны жеңіп, топтан шығу үшін маңызды қадам жасады

17.06.2021, 04:50
Бэйл бұл ойында пенальтиді пайдалана алмады, бірақ екі голдық пас берді.
Уэльс Түркияны жеңіп, топтан шығу үшін маңызды қадам жасады

Еуропа чемпионатының топтық кезеңінің 2-турында Түркия Уэльс құрамасымен кездесті. Кездесу Бакудегі (Әзірбайжан) Олимпиада стадионында өтіп, 2:0 есебімен Уэльстің пайдасына аяқталды.

Ойынның 42-минутында есепті шабуылшы Гарет Бэйлдің керемет пасынан кейін гол соққан Уэльстің жартылай қорғаушысы Аарон Рэмси ашты. 61-минутта матчтың бас төрешісі Артур Соареш Диаш Түркия қақпасына пенальти тағайындады, бірақ Бэйл оны пайдалана алмады. Қосымша уақытта Уэльстің басымдығын қорғаушы Коннор Робертс нығайтты. Бэйл тағы да нәтижелі пас берді.


Уэльс құрамасы 4 ұпай жинап, А тобының турнирлік кестесінде 1 орынға көтерілді. Түркия (0) - соңғы, 4 орында тұр. А тобындағы қарсыластар - Италия (3) және Швейцария (1) құрамалары бүгін матч өткізеді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×