Уэльс жанкүйерлері Астанадағы ойынға қандай баға берді?

05.09.2025, 22:17

Футболдан 2026 жылғы әлем чемпионатына іріктеу кезеңі аясында Қазақстан құрамасы өз алаңында Уэльстен 0:1 есебімен жеңіліп қалған еді. Бұл жайтқа байланысты Уэльс жанкүйерлері әлеуметтік желіде әсерлерімен бөлісті.

Уэльс жанкүйерлері Астанадағы ойынға қандай баға берді?
  • «Уэльс үшін керемет жеңіс. 7000 мильдік ұшу, уақыт айырмашылығы, жасанды алаң. Халықаралық футболда жеңіл ойындар болмайды. Қазақстанда Еуропаның топ-клубтарында ойнайтын ойыншылар бар. „Шеффилд Юнайтед“ жанкүйері ретінде әсіресе Киффер Мурдың гол соққаны қатты қуантты. Жарайсыңдар!»

  • «Рейтингтегі орны қандай болса да, Қазақстанда жеңу — керемет нәрсе. Бұл оңай жер емес, „Селтик“ жанкүйерлерінен сұраңыздар!»

  • «Алғашқы 25 минуттан кейін ойын әлсіз болды. Бірақ нәтиже жақсы. Қазақстан өз алаңында кез келген қарсыласқа қиындық туғызуға шамасы бар. Олардың статистикасы да оңай берілмейтінін көрсетеді. Сондықтан бұл жеңіске қуануымыз керек».

  • «Бәріміз Қазақстанды төмен бағаладық деп ойлаймын. Олардың төмен рейтингі шындыққа сай емес. Қазақстан соңғы Еурода плей-оффқа шықты, Солтүстік Ирландияны екі рет жеңді, Финляндияны сырт алаңда ұтты. Ең әсерлісі, Данияны өз алаңында жеңді. Сондықтан олар жеңіл қарсылас емес екенін дәлелдеді».

  • «Құдай-ай, ФИФА рейтингінде 114-орында тұрған Қазақстанды әрең жеңгеніміз жайлы мақала жазу керек пе сонда? Мұны ерлік қылу күлкілі».

  • «Бізге жеңіс сәл сәттілікпен келді. Бірақ бар болғаны 3 ұпай».

  • «Мүмкіндіктер болды. Бірақ Қазақстанда одан да көп болды. Бақытымызға орай, бізді жазаламады. Ең бастысы — жеңіс».

  • «Бұл ойын күткеннен де ауыр сынақ болды. Бізге сәл сәттілік серік болды. Оны пайдаланып кеттік».

  • «Кездейсоқ, кездейсоқ жеңіс. Белламидің ең нашар ойыны болды».

Айта кетейік, дәл осы ойынға Уэльстен арнайы 1000-нан астам жанкүйер ұшып келген болатын.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

футбол
Aladop Youtube
×