Уэльске қарсы кездесудегі басты мәселе осы ма? Белгілік бапкердің пікірі

28.03.2025, 15:46

Қазақстандық маман Болат Есмағамбетов ұлттық құраманың наурыздағы екі ойынын қортындылап, Уэльске қарсы матчтағы басты қателікке тоқталды.

Уэльске қарсы кездесудегі басты мәселе осы ма? Белгілік бапкердің пікірі
Асхат Тағыберген

Белгілі маман, қазақстандық футболшыларды өз күштеріне сеніп, батыл ойнауға шақырды.

«Өкінішке қарай, біз допты ырқымызға көндіре алмадық. Ал тактика мен негізгі құрам жайлы әңгіме қозғаудың мәнісі жоқ. Команда жаңадан жасақталды, құрама бұрынғыдан әлдеқайда өзгерген. Бұл бәсекеде Қазақстанның ойынына психологиялық жағдай ықпал етті. Гол кірген соң біздің футболшылардың қимылында бір қобалжу байқалған, жігіттер қателесуден қорыққандай көрінді. Әбден абдырап, берекелері қашты. Біздің ойыншылар өздеріне сеніп, жауапкершілікті сезінсе дегім келеді. Ал қазақстанның қорғаушыларарына қарағанда шабуыл өтіндегі ойыншылардың еркін ойнағаны үлкен плюс болып отыр. Егер сенің қандай да бір ерекше қабілетің босла, онда оны көрсету керек», - деді Б. Есмағамбетов.

Айта кетейік, Қазақстан құрамасы Әли Әлиевтің жаттықтыруымен ӘЧ-2026 іріктеуінде екі ойыннан кейін J тобында үшінші орынға жайғасты. Ұлттық команда Уэльстен ұтылып 1:3, Лихтенштейннен басым түсті 2:0. Енді бас команда үшінші тур аясында маусымда Солтүстік Македониямен шеберлік байқасады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×