Уэльстен 1100-ден аса Валлийлік жанкүйер елордаға табан тіреді

03.09.2025, 17:00

Уэльс құрамасы 2026 жылғы әлем чемпионатының іріктеуіндегі Қазақстанға қарсы матчта жанкүйерлерінен зор қолдауға ие болады. “Астана Аренада” 1100-ден аса Валлий жанкүйерітрибунадан өз командасын қолдамақ.

Уэльстен 1100-ден аса Валлийлік жанкүйер елордаға табан тіреді

Кездесу ертең Астанада өтеді. Ойынды Испаниялық төрешілер бригадасы бас қазы Алехандро Эрнандестің жетекшілігімен жүргізеді.

Екі команда арасындағы бірінші матч Кардиффте өтіп, онда Уэльс Қазақстанды 3:1 есебімен ұтқан болатын. Қазіргі уақытта үш турдан кейін Қазақстан құрамасының еншісінде – 3 ұпай, ал Уэльсте – 7 ұпай бар.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 4
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×