
Уэльс құрамасының бас бапкері Крейг Беллами ӘЧ-2026 іріктеуінің аясындағы Қазақстанға қарсы өтетін ойынға тоқталды.
«Біздің ұлттық құрама негізгі үштік – Харри Уилсон, Итан Ампаду мен Аарон Рэмзисіз өнер көрсетеді. Бұл Аарон үшін қиын болмақ. Оны бес жасынан бері танимын. Қажырлы еңбектің арқасында өте жоғары деңгейде доп тепті, бірақ мен ең алдымен оның денсаулығын бірінші орынға қоямын.
Соңғы кездесулерде біз ойын жүйесін өзгерттік: тоғыз адаммен шабуылдап, тоғыз ойыншымен қорғана бере алатын болдық. Осының арқасында түрлі ситуацияларға бейімделіп, әмбебаптыққа жеттік. Енді бізге осы топқа бой үйретіп, бейімделу қажет, себебі, Қазақстанмен болатын ойын Солтүстік Македониядан мүлде басқашалау болмақ. Десе де, барлығын қадам-қадаммен шешу керек және Қазақстанға қарсы өтетін кездесуі қазіргі кездегі ең маңызды матч», - деді Уэльстің бас бапкері.
Қазақстан ӘЧ-2026 іріктеуінің аясындағы жорығын 22-наурызда өтетін Уэльспен болатын ойынмен бастайды. Содан кейін сырт алаңда Лихтенштейнше қарсы тұрады. J тобында сондай-ақ, Бельгия және Солтүстік Македония командалары да бар.
Біздің серіктес: FONBET