Уэльстің қыркүйектегі ойындарына қатысатын футболшылар тізімі белгілі болды

Бапкер Крейг Беллами айдаһарлар құрамасына бас-аяғы 25 ойыншыны шақыртыпты.

Уэльстің қыркүйектегі ойындарына қатысатын футболшылар тізімі белгілі болды

Уэльс қыркүйек айында екі матч өткізеді. Оның бірі Әлем чемпионаты іріктеуі аясында Қазақстанға қарсы болса, енді бірі Канадаға қарсы жолдастық ойын.

“Айдаһарлар” командасының құрамы:

Қақпашылар:

Карл Дарлоу, Адам Дейвис, Дэнни Уорд

Қорғаушылар:

Бен Кабанго, Джей Да Силва, Бен Девис, Ронан Кракпо, Дилан Лоулор, Крис Мефам, Джо Родон, Неко Уильямс

Жартылай қорғаушылар:

Кай Эндрьюс, Дэвид Брукс, Чарли Крью, Джордан Джеймс, Джош Шиэн, Сорба Томас, Харри Уилсон

Шабуылшылар:

Натан Бродхит, Лиам Кулльен, Марк Харрис, Льюис Кумас, Дэниел Джеймс, Бреннан Джонсон, Киффер Мурр

Биылғы маусымдағы құраманың ойындарына "Рэксхэм" ойыншысы Киффер Мур қайта шақыртылыпты. 33 жастағы шабуылшы өзінің егде жасына қарамастан, Англия біріншіліктерінде 5 матч өткізіп, соның 4 гол соқты. Соның нәтижесінде Крейг Белламидің сеніміне кірді. 4 қыркүйек күні елордасы Астанада болатын кездесуде Киффер бастапқы құрамда алаңға шығып қалуы әбден мүмкін. Қазіргі Уэльс шабуылшылары арасында Мур бабында келеді. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 3
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×