«Уфаның» бұрынғы бапкері «Ордабасыны» жаттықтыруы мүмкін

24.12.2020, 16:25
Үміткерлердің ішінде тағы екі бапкер бар.
«Уфаның» бұрынғы бапкері «Ордабасыны» жаттықтыруы мүмкін

Ресейлік маман Вадим Евсеев - шымкенттік "Ордабасы" командасының бас бапкері қызметіне үміткерлердің бірі. Бұл туралы Meta-ratings.kz сайты хабарлады.

44 жастағы ресейлік маман күзде Ресей Премьер-лигасында өнер көрсететін "Уфа" клубынан кеткен еді, ал қазан айында бапкердің есімі "Астананы" жаттықтыруы мүмкін тәлімгерлердің тізімінде болды.

Сонымен бірге "Ордабасы" басшылығы тағы бір ресейлік - Владимир Газзаевпен келіссөздер жүргізіп жатыр. Тәлімгер лауазымына болгариялық Стойчо Младенов те үміткер ретінде қарастырылуда.

Естеріңізге сала кетейік, Евсеев "Уфаны" 2019 жылдың наурызынан бастап жаттықтырды. Осы уақыт ішінде ол 55 ресми матч өткізіп, онда 14 жеңіске жетіп, 21 рет тең түсіп, 20 рет жеңіліске ұшыраған. "Уфа" РПЛ турнир кестесінде 15-ші орынға тұрақтады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×