Уик-энд. Лондондағы дерби. Португалиядағы алтынның тағдыры

25.04.2015, 22:14
Уик-энд. Лондондағы дерби. Португалиядағы алтынның тағдыры
"Аладоп" сайты, "Арсеналдың" "Челсиді" тоқтатар мүмкіндігі жоғары екендігіне көз жеткізіп, "Сельта" Испанияның алыптары үшін, әсіресе, өз алаңында ыңғайсыз қарсыластығын ескертіп, Португалиядағы турнир кестесіне үңіліп, жексенбіде Еуропа алаңдарында өтетін орталық ойындарға матч алдыңдағы қысқаша сараптамалық-шолуын ұсынғалы отыр.  "Бенфика"-"Порту" 26-ші сәуір. Лиссабон. "Эштадиу да Луж"  стадионы. 22:00 Жексенбі түнгі сағат 22:00-де, "Қайрат" Уефа кубогінің финалында, "Барселонамен" Еуропаның биік шыңына таласып жатқанда, дәл сол қалада, Португалия футболының қос алпауыты алтынның тағдырын сарапқа салмақ. Сейсенбі күні Мюнхенде жермен-жексен болған "айдаһарлар", қонаққа қазіргі көшбасшы командаға барады. 1:6-дан кейін "Бенфика", "Да Луж", онымен қоса үш ұпай кем. Иә, "Портуды" үлкен сынақ күтіп тұр. "Бавариядан" тас-талқан болғаннан кейін, команда психологиялық тұрғыдан қандай күй кешері белгісіз. Күзде өз алаңында 1:7 есебімен масқара болған Римнің "қасқырлары",әлі күнге есе жия алмай келеді. Маусым басталмас бұрын Италиядағы таққа таласта "Ювентусқа" айтарлықтай қарсылық танытады деген ұжым, бүгінде "Лациоға" екінші орынды беріп қояр қаупі бар. "Шахтер" бөлек әңгіме. Украиналық командадан ешкім айды аспанға шығар деп талап еткен жоқ. Бір қалыпты өмір сүріп жатыр. Примейра. Порту - Бенфика 0:2. Когда опыт сильнее молодости - изображение 6 "Бенфикаға" қатарынан екі жыл Португалияның чемпионы атағын беріп қоймас үшін берілген, бұл соңғы мүмкіндік. Негізі Хулиан Лопетеги маусымның маңызды ойындарына командасын дауындау жағынан өте әлсіз. Бірінші айналымда, өз алаңында "Бенфикаға" 0:2 есебімен есе жіберіп қойды. Соның салдарынан, міне қарсылас жеке кездесу алдында турнир кестесінде жоғары тұр. Германияда "Порту" ойыншылары алаңда жоқ болды. Бұл жолы қалай болады? Мюнхендегі нокдаун, Лиссабонда нокаутпен аяқтала ма? Әлде, апта бұрын Еуропа журналистері "Реалда" көруді қалаған маман, шынымен де білікті бапкер екеніне көзімізді жеткізе ме? "Сельта"-"Реал Мадрид" 26-шы сәуір. Виго. "Балаидос" стадионы. 01:00 Испан Премьерасындағы былтырғы маусымның аяғы корольдік клуб жанкүйерлерінің есіңде болар? Түптеп келгенде, алтынға қол жеткізуге "Барселона", "Атлетико" емес, "Балаидос" стадионында, ол кезде Луис Энрике жаттықтыратын "Сельта", Анчелотти командасына кедергі болған еді. 'Сельта" мадридтік қос алып үшін де, "Барса" үшінде өте ыңғайсыз қарсылас. Осы маусымды толықтай еске алсақ, галисийлік қайсар ұжым былтырғы чемпиондардан 4 ұпай тартып алыпты. "Висенте Кальдеронда" 2:2, өз алаңында 2:0. Сонымен қатар, "Камп Ноуда" 3 ұпай еншілеген ұжым. Үш тур бұрын, тең өткен текетіресте, соңғы минуттарда ғана 0:1 есебімен "Барселонаға" есе жіберген еді. Сол ойынды тамашалаған жанкүйерлер болса, кейде матчтың есебі, ойынның сценариімен сәйкес келе бермейтіндігіне толықтай келіседі. Бұл кездесуде "Сельтаның" алыптар үшін ыңғайсыздымен қатар, "Реалдың" апта ортасында, "Саньтяго Бернабеудің" алаңында бар күшін қалдырғанын да ескерген жөн. "Атлетиконың" сағын сындыру оңай шаруа емес. Анчелотти ұжымының шаршаңқы күйде болары түсінікті. Сондықтан, алаң иелері жеңіске жетіп, немесе тең нәтиже тіркеліп жатса таңдаңбаған жөн. "Сельтаға" қонаққа бару, "Севильяның" алаңында күш сынасудан кем түспейді. Оған көзіміз, бір емес, бірнеше рет жеткен. "Арсенал"-"Челси" 26-шы сәуір. Лондон. "Эмирейтс" стадионы. 21:00 Маусым аяғында үнемі 4-ші орынға таласып жүретін "Арсеналды" бүгінде 2-ші орыннан көру, шыны керек, кішігірім сенсация. Қатарынан 9 ойында жеңіске жеткен Арсен Венгер шәкірттері, өткен аптада Англия кубогінің финалына жолдама алды. Финалда "Астон Вилламен" кездеседі. Төрт жылға созылған Англиядағы Манчестер қаласының дәуірінен кейін, лондондық "Челси" чемпион атанғалы отыр. 33-ші турда "Стэмфорд Бридж" стадионында "қызыл сойқандардан" басым түсіп, бірінші орынды ешбір команда тартып ала алмайтындығына тағы бір мәрте көзімізді жеткізді. Португалиялық маман Моуриньо Тұманды Альбионға қайта оралғалы бері, Арсен Венгер жеңілістен көз ашпапты. "Арсенал" бапкері ретінде 1000-шы матчын өткізіп жатқан, мерекелі күнде Жозенің "сыйға тартқан" 0:6-сы бар. Бірінші айналымдағы жеңіліс те есімізде. Екі айдың көлемінде, біз соңғы 4-5 жылдағы үздік "Арсеналды" көріп жүрміз. Жарақат эпидемиясынан да арылды. Сол себепті, Арсен Венгер мен командасы үшін "ақсүйектерді" жеңетін жақсы мүмкіндік туып тұр. Ендігі маусымда бүгінгідей тамаша "Арсеналды" көреміз бе, көрмейміз бе.. Тіпті, Венгердің өзінің Лондонда қалуы шешілмеген сұрақ. Германияда маусым біткен соң Клооптың "басы бос" екендігін естідік. Сондықтан тырысыңыз, Венгер мырза, тырысыңыз!   Фараби ӘБДІХАЛЫҚ          
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×