«Тотальный футбол KZ» телеграмм-арнасының мәлімдеуінше, Виктор Коваленко «Ақтөбе» жейдесін киіп қалуы мүмкін.
28-жастағы жартылай қорғаушы Игорь Леоновтың командасына екінші оқу-жаттығу жиындарында қосылады деп күтілуде.
Виктор Коваленко мансабын отанында бастаған - донецкінің «Шахтерімен» УПЛ-де төрт мәрте чемпион атанды. Соңғы клубы бергамолық «Аталанта». Алайда, украиналық шабуылдаушы жартылай қорғаушы италиялық команда сапында тек бірақ бәсекеде алаңнан бой көрсеткен. Былтыр тамызда «Аталантадан» кеткеннен кейін әлі клубсыз жүрген ойыншы тағы «Эмполи», «Специя» сапында доп тепті.
Украина құрамасының жейдесінде 33 ойында өнер көрсеткен. Transfermarkt.com мәліметіне сай, футболшының нарықтық бағасы 1, 2 миллион еуро.
Біздің серіктес: FONBET