Украина құрамасының бас бапкері қызметінен кетті

02.08.2021, 00:19
Қазақстан құрамасы қыркүйек айында Украинамен күш сынасады.
Украина құрамасының бас бапкері қызметінен кетті

Украина құрамасының бас бапкері Андрей Шевченко қызметінен кетті.

«Бүгін менің Украина футбол қауымдастығымен келісім-шартым аяқталды. Ұлттық құрамада бес жыл жұмыс істедім. Еңбектің арқасында біз қазір футбол ойнай алатынымызды дәлелдедік. Мен президентке және УФҚ атқарушы комитетіне осындай мүмкіндік бергені үшін ризамын. Мен команданың жұмысына көмектескен әрбір адамға алғыс айтамын.

Жанкүйерлерге көрсеткен қолдауы мен айтқан сындары үшін үлкен рахмет. Біз олармен бірге Украина құрамасының бәсекеге қабілетті екенін көрсете алдық», - деп жазды Шевченко өзінің Instagram парақшасында.

Естеріңізге сала кетейік, Украина құрамасы Еуро-2020 турнирінің топтық кезеңінде бір мәрте жеңіске жетіп, қосымша көрсеткіштердің арқасында үшінші орынмен плей-офф кезеңіне шықты. 1/8 финалда Шевченконың шәкірттері қосымша уақытта Швецияны жеңді (2:1), ал ширек финалда Англиядан оңбай ұтылды (0:4).

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×