Украина құрамасының Қазақстанға келетін ойыншылар тізімі белгілі болды

30.08.2021, 23:00
Команданың негізгі үш қақпашысы келе алмайды.
Украина құрамасының Қазақстанға келетін ойыншылар тізімі белгілі болды

2022 жылғы әлем чемпионатының іріктеу кезеңіндегі Қазақстанмен болатын матчқа келген Украина құрамасы ойыншыларының тізімі белгілі болды, деп хабарлайды Украина футбол қауымдастығының ресми сайты.

Қазақстан ұлттық құрамасы 1 қыркүйекте «Астана Аренада» Украинамен ойнайды. Кездесу елорда уақытымен 20:00-де басталады.

Украина құрамасының Қазақстанмен болатын ойынға арналған құрамы:

Қақпашылар: Андрей Пятов («Шахтер» Донецк), Дмитрий Резник («Ворскла»), Денис Бойко («Динамо Киев»).

Қорғаушылар: Николай Матвиенко, Сергей Кривцов, Виктор Корниенко (бәрі – «Шахтер» Донецк), Александр Караваев, Илья Мешкотно, Виталий Миколенко, Александр Тимчик, Александр Сирота (бәрі – «Динамо» Киев), Эдуард Соболь («Брюгге», Бельгия), Тарас Качараба («Славия», Чехия).

Жартылай қорғаушылар: Сергей Сидорчук, Николай Шапаренко, Виктор Цыганков, Виталий Буяльский (бәрі – «Динамо Киев»), Тарас Степаненко («Шахтер» Донецк), Руслан Малиновский («Аталанта», Италия), Андрей Ярмоленко («Вест Хэм», Англия), Александр Зинченко («Манчестер Сити», Англия), Александр Зубков, Игорь Харатин (екеуі де – «Ференцварош», Венгрия), Евгений Макаренко («Фехервар», Венгрия).

Шабуылшылар: Роман Яремчук («Бенфика», Португалия), Даниил Сикан («Шахтер» Донецк).

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×