Украина құрамасының Қазақстанмен болатын ойынға арналған құрамы жарияланды

17.08.2021, 16:57
Ойыншылар іріктелді, бірақ әлі бапкер жоқ.
Украина құрамасының Қазақстанмен болатын ойынға арналған құрамы жарияланды

Украина футбол қауымдастығы 2022 жылғы әлем чемпионатының іріктеу кезеңіндегі Қазақстан және Франциямен болатын матчтарға шақырту алған Украина құрамасының ойыншылар тізімін жариялады.

Украина құрамасы 1 қыркүйекте «Астана Аренада» Қазақстанға қарсы ойнаса, 4 қыркүйекте өз алаңында Францияны қабылдайды.

Украина құрамасы аталған екі ойынға арнап 24 ойыншыны шақырды:

Қақпашылар: Георгий Бущан («Динамо Киев»), Анатолий Трубин («Шахтер Донецк»), Андрей Лунин («Реал Мадрид», Испания);

Қорғаушылар: Илья Забарный, Виталий Миколенко, Александр Караваев, Александр Тымчик, Александр Сирота (барлығы - «Динамо Киев»), Сергей Кривцов, Николай Матвиенко, Виктор Корниенко (барлығы - «Шахтер Донецк»), Эдуард Соболь («Брюгге», Бельгия);

Жартылай қорғаушылар: Сергей Сидорчук, Николай Шапаренко, Виталий Буяльский, Виктор Цыганков (барлығы - «Динамо Киев»), Тарас Степаненко («Шахтер Донецк»), Руслан Малиновский («Аталанта», Италия), Александр Зинченко («Манчестер Сити», Англия), Андрей Ярмоленко («Вест Хэм Юнайтед», Англия), Александр Зубков, Игорь Харатин (екеуі де - «Ференцварош», Венгрия);

Шабуылшылар: Роман Яремчук («Бенфика», Португалия), Артем Довбик («Днепр-1»);

Қосалқы тізім: Евгений Коноплянка, Ефим Конопля, Даниил Сикан (барлығы - «Шахтер Донецк»), Виктор Коваленко («Специя», Италия), Владислав Кочергин («Заря»), Богдан Михайличенко («Андерлехт», Бельгия), Евгений Макаренко («МОЛ Фехервар», Венгрия), Тарас Качараба («Славия», Чехия).

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×