Украина құрамасының және донецкілік «Шахтердің» қақпашысы Андрей Пятов жыл қорытындысы бойынша Украина елінің үздік ойыншысы атанды.
Дауыс беру қорытындысы бойынша 26 – жасар қақпашы, барлығы 120 ұпай жинап өз қарсыластарынан оза шықты. Андрейден 11 ұпай қалған днепропетровскінің «Днепр» командасының жартылайқорғаушысы Евгений Коноплянка екінші болып келсе, үшінші орын «Шахтердің» капитаны, хорваиялық қорғаушы Дарио Срнаға бұйырды.
Естерінізге сала кетейік, Пятов 2009/10 маусымда Мирчи Луческу бастаған «Шахтердің» чемпион атануына өз тарапынан өте үлкен үлес қосқан болатын. Сол маусымда Андрей өз қақпасын 767 минут «құрғақ» сақтаған.
Уалихан ҚОСАНБАЙ