Украиналық маманның «Атыраудан» не үшін бас тартқаны белгілі болды

06.01.2025, 10:00

Володимир Мазяр «мұнайшылар» клубын жаттықтыруға келісімін берген жоқ.

Украиналық маманның «Атыраудан» не үшін бас тартқаны белгілі болды
Володимир Мазяр

«Атыраудың» ұсынысы маған бір айдың көлемінде түскен, бірақ бас тарттым, себебі қазір ойым басқа жақта. Қазақстанда назар аударатыны көңілімнен шығады. Бұл өте керемет ел, «Ақжайықпен» жұмыс істеген кезде ол жақта керемет уақыт өткіздім. Алайда, қазір ұсынысты қабыл алмадым», - деді В. Мазяр.

Еске салсақ, украиналық маман осыған дейін де Қазақстанда жұмыс істеген еді - 21/21, 22/23-жылғы маусымда «Ақжайықтың» бас бапкері болды. Соңғы жылы оралдық командамен 45 ойын өткізіп оның 14-жеңіске жетіп, төрт матчта тең ойнаған. Тағы 22 кездесуде жеңіліс тапты. «Ақжайықтан» бөлек украиналық «Львов», «Полесье», «Рух Винники» және тағы бірқатар клубтарды жаттықтырды. В. Мазяр бапкерлік мансабын өзінің отанында бастаған болатын. 

 Атыраулық команда өткен жылы премьер-лиганы 7-орынмен аяқтады. Бұдан бөлек, «мұнайшылар» Қазақстан Кубогінің финалына шықты.  

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 2
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×