Семейлік "Елімай" трансферлік нарықта нағыз сенсация жасауға жақын, деп хабарлайды Aladop.kz.
Украина Премьер лигасының талантты қорғаушысы Даниил Хрипчук жақын арада Семейлік ұжымның сапына қосылуы мүмкін.
Қауесет емес, шындық: Хрипчук Семейге жол тартты
"Камон, Плей! | Трансфери УПЛ” телеграм арнасының хабарлауынша, "Ворскланың” бұрынғы қорғаушысы Даниил Хрипчук "Елімайдың” алғашқы оқу-жаттығу жиынына ресми түрде қатысады.
"Қазақстандық БАҚ-тың барлық футболшыны өз чемпионатына "жіберген" қауесет толқынынан кейін, ақпараттың шындыққа жанасатын тұсы табылды. Даниил Хрипчук шынымен де "Елімаймен" бірге жиынға аттанады." — деп жазады дереккөз.
Хрипчук — Украина мектебінен өткен, тактикалық тұрғыдан сауатты және физикалық дайындығы жоғары ойыншы.
Даниил 2003 жылғы, 22 жаста. Бойы 1.92. “Динамо Киев” академиясының түлегі, сондай-ақ ол Украинаның 19 жасқа дейінгі құрамасында доп тепкен.
Айта кетсек, оның арманы – Ата-анасына жұмыс істетпей барлығын өзі қамтамасыз ету, және ол өрмекшілерден қорқады. Жекелей ойыншыдан Криштиану Роналдуды пір тұтса, жалпылама “Челси” фанаты.