Ұлан Қонысбаев: Черчесовты орнынан алатын едім!

23.11.2024, 14:22

Қазақстан құрамасының бұрынғы футболшысы Ұлан Қонысбаев Станислав Черчесовтың жұмысына көңілі мүлде толмайтынын айтып, тіпті орнынан алып тастау керектігін алға тартты.

Ұлан Қонысбаев: Черчесовты орнынан алатын едім!
Станислав Черчесов

«Мүмкіндігім болса, мен алғашқылардың қаатрында Черчесовты орнынан алатын едім! Ұлттық құраманың басындағы жағдайға, әсіресе оның ойынына қарасаң, бұл жауап айқындала түседі», - деді Ұ. Қонысбаев Euro-football.ru сайтына берген сұқбатында. 

Айта кетейік, Станислав Черчесов осы жазда Қазақстан құрамасының бас бапкері болып тағайындалды. Қазақстандық футболшылар ресейлік маманның жаттықтыруымен Ұлттар Лигасында В Лигасының үшінші тобында Норвегия, Аустрия мен Словениядан кейін соңғы орын алды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 4
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×