Ұлттар лигасында Қазақстанның мүмкіндігі қалай? Қай құрамалармен қарсы келуіміз ықтимал?

25.03.2025, 12:57

Қазақстан ұлттық құрама командасы Ұлттар лигасының С дивизионындағы жеребесінде бірінші себетке түсті.

Ұлттар лигасында Қазақстанның мүмкіндігі қалай? Қай құрамалармен қарсы келуіміз ықтимал?
Уэльс - Қазақстан кездесуі

Ұлттар лигасының С дивизионы:

1-себет: Исландия, Черногория, Албания, Қазақстан;

2-себет: Финляндия, Словакия, Болгария, Армения;

3-себет: Беларусь, Фарер аралдары, Кипр, Эстония;

4-себет: Латвия/Гибралтар, Люксембург/Мальта, Молдова, Сан-Марино.

Ескерту-Қазақстан өзінің себетіндегі командалармен жеребе тарту нәтижесінде бір топқа түсе алмайды. 

Айта кетейік, жеребе тарту рәсімі келесі жылы өтеді.

Былтыр Қазақстан В дивизионынан шығып қалған болатын. Ұлттық команда Норвегия, Аустрия және Словениямен бір топта ойнап, небәрі 1 ұпай еншіледі Норвегиямен тең ойын 0:0. Осы сәтсіз нәтижеден кейін Станислав Черчесовпен келісімшартты үзу туралы шешім қабылданып, тізгінді отандық маман Әли Әлиев ұстаған еді. Қазақстандық бапкердің басшылығымен ұлттық команда ӘЧ-2026 іріктеу аясындағы алғашқы ойынын Уэльспен өткізіп, 1:3-пен есе жіберді. Енді бүгін Лихтенштейн құрамасымен шеберлік байқасады. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 6
Ұнамайды 2
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×