
Хорватия – Франция – 1.85
Бүгінгі ширек финалдық мачтардың арасындағы ең тартысты ойын осы екеуінің арасында күтіледі. Златко Даличтің командасы топтық кезеңді ала-құла өткізген – Португалиядан кейінгі екінші орын. Хорватиялық футболшылар топта Шотландиядан бір ұпай ғана озып, соның арқасында плей-оффқа шығу мүмкіндігіне ие болды. Сондай-ақ, Хорватия топтағы сегіз ұпайының жетеуін өзінің алаңында еншілеген. Даличтің шәкірттері өзінің алаңында нәтижелі ойнайды.
Франция құрамасы топтық кезеңді өз алаңында Италиядан ойсырай ұтылған матчтан бастап, қатарынан төрт жеңіске жетті. Тек Израильмен ұпай бөліскені болмаса (0:0) қалған кездесулерде ешкімді аяған жоқ. Дидье Дешамның командасының сырт алаңда нәтижелі ойнайтынын да айта кетуіміз керек.
Fonbet.kz букмекерлік кеңсесі қос команданың гол соғады деген бәсіне 1.85 коэффициентін тарту етеді. Біз осы нұсқа ойнап кетеді деп есептейміз.
Нидерланды – Испания – 1.77
Рональд Куманның командасы топтық кезеңді ала-құла өткізді. Германиядан ғана ұтылғанымен, жалпы алты ойынның тек екеуін жеңіспен аяқтай алған болатын. Нидерланды құрамасының шабуылдағы әлеуеті керемет - топтық кезеңде 13 гол салып тастаған. Сол сияқты қорғаныста да біраз мәселесі бар – Ұлттар лигасының 6 кездесуінде тек Венгриямен болған бәсекеде қақпасын аман алып қала алды – 0:0.
Испания турнирдің басты фавориті саналады. Луис де ла Фуэнтенің командасы Ұлттар лигасының соңғы екі финалының қатысушысы – 2022/23-жылы жеңіске жетті. Топтық кезеңде тек Сербиямен тең түсіп - 0:0, ал қалған бес бәсекеде ұпайдан шашау шығарған жоқ.
Бұл бәсекеде бірінші тайм тоталы 1-ден көп болады деген болжам жасадық – 1.77 коэффициент.
Италия – Германия – 1.72
Италия топта бірінші орынға кәдімгідей дәмеленген, бірақ соңғы турда Франциядан ұтылып үмітін үзді. Десе де, Лучано Спалетти келгелі «Скуадра Адзурраның» ойыны кәдімгідей түрленген. Италия бұрынғыдай қорғанысқа басымдық бермейді - топтық кезеңде шабуылда ең жоғары көрсеткішке ие болды – 13 гол.
Германия тарихында тұңғыш рет Ұлттар лигасының ширек финалына шығып отыр. Бундестим топтық кезеңде сүрінген жоқ – төрт жеңіс, екі тең ойын. Неміс мәшінесінің қорғаныстағы ойыны да тәуір – 6 ойында 4-ақ гол жіберді.
Біздің болжам – матчтың жалпы тоталы 2.5-тен кем болады. Бұған сіздер 1.72 коэффициентімен бәс тіге аласыздар.
Дания – Португалия – 1.88
Дания құрамасы топтық кезеңде Испанияға ешқандай қарсылық таныта алған жоқ. Тек Швейцария мен Сербияны ұтқанының арқасында екінші орынға табан тіреп, енді ширек финалда бағын сынағалы отыр. Соңғы еуропа чемпионатында да Дания айтарлықтай нәтижемен қуантпады.
Португалия Ұлттар лигасында жемісті өнер көрсетеді. Топта даусыз бірінші орын алды. Хорватия мен Шотландиядағы тең ойынды айтпсақ, қалғанында Роберто Мартинестің шәкірттері шүбәсіз жеңіске жетті.
Бұл ойында екі команда да гол салады деп топшылаймыз. Оның коэффициенті 1.88.
Біздің серіктес: FONBET