Испания құрамасының жартылай қорғаушысы Серхио Бускетс УЕФА Ұлттар Лигасының финалдық кезеңіндегі үздік ойыншы атанды.
Франция УЕФА Ұлттар лигасының финалында Испанияны жеңді. Матч Миландағы (Италия) "Джузеппе Меацца" стадионында өтіп, 2:1 есебімен аяқталды. 64-минутта Испания шабуылшысы Микель Оярсабаль есеп ашты. Екі минуттан кейін Карим Бензема есепті теңестірді. Ал 81-минутта Килиан Мбаппе күмәнді гол соғып, командасына жеңіс сыйлады.
"Реал Мадрид" клубының шабуылшысы Карим Бензема осы матчтың үздік ойыншысы деп танылды.
Килиан Мбаппе финалдық кезеңнің үздік сұрмергені атанды (2 гол, 2 нәтижелі пас). Үздік үштікке Ферран Торрес пен Карим Бензема кірді (2 гол).
Біздің серіктес: FONBET