Ұлттық команда ардагері Дастан Сәтпаев туралы: кім білсін, мүмкін ол болашақ Ламин Ямаль шығар

13.03.2025, 11:06

Қазақстан құрамасының ардагері Вячеслав Эрбес Дастан Сәтпаевтың ұлттық команда сапындағы дебюті жайлы айтты

Ұлттық команда ардагері Дастан Сәтпаев туралы: кім білсін, мүмкін ол болашақ Ламин Ямаль шығар
Дастан Сәтпаев "Қайрат" сапында

«Дастан жарады, «Қайраттың» соңғы ойынында негізгі құрамда шықты, оған дейін «Астананың» қақпасына гол салды. Ойын тәжірибесі жеткілікті. Кім білсін, мүмкін болашақ Ламин Ямаль шығар. Егер Дастан ұлттық құрама үшін өнер көрсетсе, Қазақстан тарихындағы ең жас футболшы атанады. Осындай талантты жастар біздің болашақ үшін өте маңызды», - деді ардагер футболшы.

Айта кетейік, ӘЧ-2026 іріктеу кезеңіндегі Уэльс пен Лихтенштейнге қарсы ойынға шақырту алған футболшылар тізімінде Дастан Сәтпаев та бар. 16 жасар футболшы ҚПЛ-дің екі турында өнер көрсетіп, бір рет мергендік танытты.     

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 2
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×