Ұлттық құрама “Алтын доп” иегерін бапкер ретінде шақырудан бас тартты

24.09.2025, 09:00

Журналист Эльдар Аманбаев Қазақстан ұлттық құрамасының жаңа бас бапкері болу мүмкіндігі айтылып жүрген Фабио Каннаваро туралы ақпаратпен бөлісті.

Ұлттық құрама “Алтын доп” иегерін бапкер ретінде шақырудан бас тартты

Аманбаевтың айтуынша, "Ювентус” пен "Реал” командаларының бұрынғы қорғаушысы, футбол тарихында "Алтын допты” жеңген алғашқы қорғаушы Каннаваромен нақты келіссөз жүргізілмеген. 

"Каннавароның жылына 2 миллиард теңге талап ететіні белгілі болған соң, біздің құраманың қазіргі жағдайына сәйкес келмейді деп шештік." – деді журналист.

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×