Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Али Алиев Нұралы Әліп пен Бахтиер Зайнутдиновпен кездесу үшін Ресейге жол тартты.
Алиев Ресей Премьер лигасындағы үздік ойыншылар қатысатын матчтарды жеке көріп, олардың ағымдағы жағдайын бағалауды жоспарлап отыр. Ол Мәскеуде өтетін бесінші турдың орталық ойындары "Спартак” – "Зенит” және "Динамо" – "ЦСКА” матчтарына қатыспақ.
Бапкердің сапарының басты мақсаты Нұралы Әліп пен Бахтиер Зайнутдиновтың қазіргі формасын бағалау және олармен жеке әңгімелер жүргізу. Сонымен қатар Алиев "Зенит” пен "Динамо” клубтарының бас бапкерлері Сергей Семак және Валерий Карпинмен де пікір алмасуды көздеп отыр.
Шілде айында "Динамоға" ауысқан Бахтиер Зайнутдинов Мәскеулік клуб үш матчқа қатысып үлгерді. Ұлттық команда бапкерлері оның қыркүйектегі ойындарға шақырылатынын айтуда.
Нұралы Әлип жаңа РПЛ маусымының басында тек бір ойынға қатысты, бірақ Ресей кубогында тұрақты түрде ойнауда және "Зенит” капитаны ретінде де алаңға шыққан.