Ұлттық құрама Бельгияға қарсы сенсация жасай ала ма?

11.11.2025, 16:45

Бельгиялық маман, Мали ұлттық құрамасының бас бапкері Том Сайнтфит Prosports.kz сайтына сұхбат беріп, 2026 жылғы әлем чемпионатының іріктеу кезеңіндегі Қазақстан – Бельгия матчына қатысты өз пікірін білдірді.

Ұлттық құрама Бельгияға қарсы сенсация жасай ала ма?

Сайнтфиттің айтуынша, фаворит саналатын Бельгия Астанада жеңіске жетпеуі де мүмкін:

"Меніңше, Бельгия Қазақстанды Астанада жеңе алмайды. Олар әлем чемпионатына жолдама мәселесін дәл Қазақстанда шешіп, соңғы турда Лихтенштейнге қарсы ойынды қысымсыз өткізіп, жанкүйерлерге мереке сыйлағысы келетінін түсінемін. Бірақ…" – деді ол.

Маман ойын сапасы мен рейтингі бойынша Бельгияның мықты екенін мойындады, алайда футболда ештеңе алдын ала шешіліп қоймайтынын атап өтті.

"ФИФА рейтингін және ойыншылардың деңгейін қарасақ, Бельгия жеңуі керек. Бірақ бұл ешқашан кепіл емес. Бұрын да айттым Қазақстан құрамасы дұрыс дайындалса, Бельгияны таңғалдыра алады. Иә, қағаз жүзінде жеңуі тиіс, бірақ бұл автоматты түрде болмайды.” – деп ой білдірді Сайнтфит.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 6
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×