Ұлттық құрама қосынына жарақатпен келген

Ел құрамасы бапкері Станислав Черчесов Рамазан Оразовтың құрама қосынына жарақатпен келгенін хабарлады, деп жазады Meta-ratings.kz.

Ұлттық құрама қосынына жарақатпен келген

“Силькеборгтың” ойындарына тұрақты түрде қатысып жүрген Рамазан Оразов өз командасының Дания чемпионатының 7-турындағы “Мидтьюланнға” қарсы кездесуіне қатыспады. Футболшы аталған матчтың алдында жарақат алып қалды деген болжам бар.

“Рамазан Оразов аяғын МРТ қондырғысына түсірді. Нәтижесін күтейік”, - деп айтты Станислав Черчесов.

Қазірде ел құрамасы Алматыда жаңа бапкердің нұсқауымен 6 қыркүйекте өтетін Норвегиямен болатын ойынға қызу дайындалуда. 

Айта кетейік, 26 жастағы жартылай қорғаушы 2021 жылдан бері құрама жейдесінде 27 матч өткізіп, 1 гол соқты. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 2
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×