Instagram: fc_elimai
Қазақстан ұлттық құрамасының 22 жастағы жартылай қорғаушысы Арсен Әшірбек "Елімай" қатарын толықтырды, деп хабарлайды Aladop.kz.
Жамбыл футболының түлегі саналатын жас ойыншы кәсіби карьерасын туған жерінің "Тараз" командасында бастаған болатын.
Өткен маусымды Әшірбек "Оқжетпес” құрамында өткізіп, өзінің тәжірибесін арттырды. Көкшетаулық клуб сапында ол 22 матчқа қатысып, бір гол соғып, екі нәтижелі пас берді. Бұл көрсеткіштер оның команда ойынына қосқан үлесін айқын көрсетеді.
Ол тұңғыш рет ұлттық құрама жейдесін Бельгияға қарсы өткен ойында киген еді.