Максим Самородов Солтүстік Македонияға қарсы ӘЧ іріктеу кездесуінен шет қалды.
23 жастағы шабуылшы Лихтенштейге қарсы бүгінгі кездесудің бірінші таймында сары қағаз алды.
Осылайша Максим Іріктеудегі алған сары қағаздар санын 2-ге жеткізіп, өз командасының Солтүстік Македониямен болатын ойынына қатыспайды.
Еске салсақ, "Ахмат" ойыншысы бұған дейін бірінші ескертуін Уэльске қарсы 3:1 есебімен аяқталған кездесуінде алған болатын.
Айтпақшы, бүгін матчта Ислам Чесноков пен Рамазан Оразовта сары қағаз алмауы тиіс. Қос ойыншымызда Максим Самородов секілді Қазақстанның келесі ойыныынан шет қалу қаупі жоғары.