Ұлттық құрама сапында финалдық матчқа қатысқан футбол тарихындағы ең жас ойыншы – Хильберто Мора

07.07.2025, 17:00

CONCACAF Алтын кубогының финалдық кездесуінде АҚШ құрамасына қарсы алаңға шыққан Мексиканың 16 жас 265 күндік жас ойыншысы Хильберто Мора Ламин Ямал мен аңыз ойыншы Пеленің рекордын жаңартып, ұлттық құрама деңгейінде финалда алаңға шыққан футбол тарихындағы ең жас ойыншы атанды.

Ұлттық құрама сапында финалдық матчқа қатысқан футбол тарихындағы ең жас ойыншы – Хильберто Мора

Бүгін таңертең АҚШ пен Мексика құрамалары арасында CONCACAF Алтын кубогының шешуші матчы өтті.

Аталған ойында Мексика құрамасы 2:1 есебімен жеңіске жетіп, тарихында 13-рет Алтын кубоктың иегері атанды. Мексика құрамасының голдарын Рауль Хименес пен Эдсон Альварес соқса, АҚШ құрамасынан жалғыз голды Крис Ричардс енгізді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×