“Қайрат” футзал клубының әмбебап ойыншысы Кайо Руис алдағы уақытта ел намысын қорғап қалуы ғажап емес.
Бұл туралы ҚФФ атқарушы комитетінің мүшесі Қайрат Оразбеков жеткізіп отыр. “Элитстрой Групп” ЖШС басшысы алдағы уақытта Федерациямен біріге отырып, Кайо Руиске ел құрамасында өнер көрсетуі бойынша ұсыныс жасалатынын тілге тиек етті.
“Қайрат” футзал клубының легионері Қазақстанда 4 жылдан бері тұрып келеді. Кайо Алматы ұжымына “Спортинг” клубынан 2023 жылы ауысып келді.
Қазірде Қазақстан құрамасында еліміздің төл құжатын алған төрт бразилиялық өнер көрсетуде. Олар Лео, Дуглас, Игита және Эдсон.