Ұлттық құраманың 2025 жылғы соңғы қарсыласы белгілі болды

22.10.2025, 17:05

Қазақстан құрамасы 2025 жылды Фарер Аралдарымен матчпен аяқтайды.

Ұлттық құраманың 2025 жылғы соңғы қарсыласы белгілі болды

Қазақстан футбол федерациясы ұлттық құраманың жыл соңындағы соңғы ойыны туралы хабарлады. Қазан айындағы маңызды кездесулерден кейін қазақ жанкүйерлерін тағы бір халықаралық матч күтіп тұр. 18 қараша күні  құрама Фарер аралдарының командасымен жолдастық кездесу өткізеді.

Бұл ойын Хорватияның Пула қаласындағы “Алдо Дросина” стадионында өтеді. Кездесудің басталуы Астана уақытымен 22:00-де жоспарланған.

Айта кетейік, бұл матч Қазақстан құрамасы үшін 2025 жылдың соңғы кездесуі болмақ. Бұған дейін, 15 қарашада, Талғат Байсуфиновтың шәкірттері өз алаңында Бельгия құрамасына қарсы 2026 жылғы әлем чемпионатының іріктеу ойынын өткізеді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×