Ұлттық құраманың бас бапкері Әли Әлиев арнайы тамашалаған матчта Нұралы Әліп қалай ойнады?

17.08.2025, 10:10

Мәскеуде Ресей Премьер-Лигасының бесінші тур ойыны өтіп, «Спартак» өз алаңында «Зенитті» қабылдады. Бұл кездесуде отандасымыз негізгі құрамда шықты.

Ұлттық құраманың бас бапкері Әли Әлиев арнайы тамашалаған матчта Нұралы Әліп қалай ойнады?

Кездесу 2:2 есебімен аяқталды. «Спартак» сапында голдарды Маркиньос (18-минут) пен Жедсон Фернандеш (39-минут) соқты. «Зенит» үшін Матео Кассьера (14-минут) және Александр Соболев (63-минут) көзге түсті.

52-минуттан бастап санкт-петербургтік команда он ойыншымен қалды. Дуглас Сантос екінші сары қағаз алып, алаңнан қуылды. Қазақстандық қорғаушы Нұралы Әліп бұл кездесуде негізгі құрамнан шығып, бірінші таймнан кейін ауыстырылды. Ал Flashscore қосымшасы бұл ойында отандасымыздың өнеріне небәрі 6,4 ұпай берді.

Осы тең нәтижеден кейін «Зениттің» еншісінде 6 ұпай, ал «Спартакта» 5 ұпай болды. Айта кетейік, жаңа маусымда командалар бес-бестен ойын өткізді.

Айта кетейік, ұлттық құраманың бас бапкері Ресей чемпионатының кезекті турына арнайы барып, Нұралы Әліп пен Бактиер Зайнутдиновтың ойынын өз көзімен тамашалауды ұйғарған еді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

футбол
Aladop Youtube
×