Ұлттық құраманың бұрынғы тәлімгері “Ертістің” бапкерлік штабына қосылды

Бүгін, 13:05

Павлодарлық "Ертіс" клубында үлкен өзгерістер орын алды. Клубтың бас директоры Мұрат Тілешев жаңа бапкерлік штабты таныстырып, маусымның екінші бөліміне арналған команданың басты мақсаттарын айқындады, деп хабарлайды Aladop.kz.

Ұлттық құраманың бұрынғы тәлімгері “Ертістің” бапкерлік штабына қосылды

Команданың бапкерлік штабының кеңесшісі лауазымында жұмыс істеуге Қазақстандық футболдағы ең тәжірибелі мамандардың бірі Талғат Байсуфинов тартылды. Ол "Ертіс” бапкерлік штабының кеңесшісі қызметін атқаратын болады.

Мұрат Тілешевтің айтуынша, Байсуфиновтың футболдағы мол тәжірибесі мен білімі Павлодарлық ұжымның ойын өрнегін жақсартып, турнирлік кестедегі жағдайын түзеуге септігін тигізеді.

Маусымның алғашқы жартысындағы сәтсіз ойындардан кейін клуб басшылығы команда алдына нақты талаптар қойып отыр.

"Ертіс" басшылығы команданың бұрынғы беделін қайтару үшін барлық күш-жігерін жұмсап жатқанын атап өтті. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Aladop Youtube
×