Ұлттық құраманың нәтижелері Дастан Сәтпаев емес, Георгий Жуковқа байланысты болады

02.04.2025, 11:53

Георгий Жуковтың мансабы қайта түлегендей. Қазақстан құрамасының жартылай қорғаушысының карьерасы Қытай чемпионатынан кейін қалай өрбуі мүмкін деген сауал талайлардың көкейінде болғаны анық.

Ұлттық құраманың нәтижелері Дастан Сәтпаев емес, Георгий Жуковқа байланысты болады
Георгий Жуков

Біз бұл жерде ең алдымен қазақстандық жанкүйерлерді айтып отырмыз. Қалай дегенмен де, Жуков өзінің нағыз кәсіби шебер екенін дәлелдеуде. Қытай Суперлигасында бүкіл әлемдік пандемия кезінде футболдан тыс қалған ойыншы абдырап қалған жоқ. Өзін қайрап, еуропаның топ-лигасы болмаса да, ортаңқол біріншілігіне баланатын Польшаға қарай ойысып, орнын тапты. Қазір онда «Пуща» клубының негізгі құраманына ойып тұрып орын алған – кеше Польша Кубогінің жартылай финалдық ойынын негізгі құрамда бастап, 70 минут өнер көрсетті. Маңызды матчта өзінің әдетінше жоғары дәрежеде доп теуіп шықты деуге болады. Ал командасының 0:3-пен ұтылып қалып, жарыс жолынан шығып қалғаны Жуковтың кінәсі емес.

Георгий Жуков біраз жылдан кейінгі үзілістен кейін халықаралық матчтарға қатысты – 3 жы бойына ұлттық команда сапына шақырылмаған. Бірақ, Лихтенштейнмен болатын ойынның алдында жартылай қорғаушы осы жағдайға түсініктеме бере кеткен еді.

«Қазақстанның жейдесін киюден ешқашан бас тартқан емеспін. Тек бас бапкер назарына алмаған. Ал мен өз сәтімді күтіп, жаттыға бердім», - деп өзінің еліне деген көзінің түзу екенін анық байқатты Жуков.

Кардиффтегі матчтың соңғы 20 минуты мен «Лихтенштейнмен» ойында Георгий өзінің құрамаға керек екенін толықтай көрсетіп берді деп ойлаймыз. Әли Әлиев бастаған бапкерлік қосынның кадр тапшылығына тап болған шағында Польша чемпионатында доп тебетін сауатты әрі жауапкершілігі мол футболшының қажеттілігі еселене түспек.

Жазда ӘЧ-2026 іріктеуінің мачтары жанданады. Турнирлік кестедегі қортынды орындарға таластағы негізгі қарсылас Солтүстік Македония мен Уэльске қарсы ойындар күтіп тұр. Осы кездесулерде Георгий Жуковке ерекше сенім артылмақ.

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×