Ұлттық құрама ұтысы

09.10.2011, 20:56
Ұлттық құрама ұтысы
Соңғы жылдары жеңілуден көз ашпаған, сағындырып барып анда-санда жеңіске жететін ұлттық құрамамыз жайлы бір үзім өлең жолдарын назарларыңызға ұсынып отырмыз. Өлеңді оқи отырып баға беріп, төменге пікір қалдырыңыздар. 2014 жыл екен, Өлмеппін әлі тірі екем, Беранектің жасағы, Маракана төрінде, Біріншілікке қатысып, Өнер көрсетіп жүр екен. Ел футболы дамыпты, Беранектей бапкерің, Құраманың сапына, Кіл қазақты алыпты. 11 қазақ жиылып, Ешкімге дес бермепті, Анау-мынауға қарамай, Қылышын келіп сермепті. Бұрынғы орыстар қалмапты, Бұдан кейін қазақтар, Тобындағы елдерді, Бірінен соң бірін кеп, Таза есеппен жалмапты. Италияңды ит қылып, 7-0 ұтыпты, Жапондарды жапырып, Шайнамай-ақ жұтыпты. Ақш-ыңды ақырын Қосалқы құраммен тұтыпты. *** Осылайша жігіттер, Мықтыларды езіпті, Қазақпен бір топқа түскендер, Шыдамастан «сразу» елдеріне безіпті. Топтық кезең біткесін, Құрамасына алаштың, Голландықтар кезікті, Қарсылас шыдатпас қазақты, Олардағы көре сап, Ұтыларын сезіпті. Күмәндары олардың, Айналыпты шындыққа. 90 минут бойынша, Шабуылдай алмапты, Голландықтар біз жаққа. Ал, өзіміздің команда, Қақпасына олардың, Он шақты доп салыпты, Ел тыныш, жұрт аманда. *** Осыдан соң қазағым, Немістермен шығыпты, Осы аталған матчта, Мәшинесіне  немістің, Шабуылдармен төпетіп, 5-6 гол соғыпты, Бұған олар шыдай алмай, Қара тер боп зорықты. Немістерді ұтқан соң, Құрамамыз бұл жолы, Испандармен жолықты, Хавилердің құрамасы, Ойнамастан бұрын кеп, Бізден қатты қорықты. Әрі-бері ойланып, 9-бірдей ойыншысын, «Защитаға» қойыпты, Қазағың бұған қарамай, Голдарды заулатып, Испандық ойыншыларды, Қойша бауыздап, сойыпты. Ақтық ойынға шейін,қазақтар Голға әбден тойыпты. *** Құрамамыз осылай финалға, Жолдама алыпты. Бразилиямен өтер ойынға, Барша қазақ барыпты. Алаң иелері кубокті, Аламыз деп айқай салыпты, Төрешілерде ойбай-ай, Аяқтан шалып бағыпты. Дей тұрғанмен алайда, Қазақтарды ұта алмай, Екінші орын да қалыпты. Марапаттау кезінде, Әлемнің алтын кубогін, Беранек пен Президент, Бірге барып алыпты. *** Ал, оянсам түсім екен, Міне мұның бәрі де, Баяндауды тоқтатайын, Бармай-ақ еу әріге. *** Ризуан Азамат
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×