Ол ұлттық құрамада ең көп матч (55) өткізген ойыншылардың бестігіне кіреді. Бірнеше рет капитан ретінде алаңға шыққан болатын. Карпович өзінің клубтық мансабында «Елімай», «Ертіс», «Қайрат», «Локомотив», «Ордабасы», «Шахтер», «Атырау», «Алтай», сондай-ақ, ресейлік «Ростсельмаш» және мәскеулік «Динамо» командаларында ойнады.
Карпович бапкерлік мансабын «Қайрат» жүйесінде бастап, одан кейін 2 жыл «Оқжетпесті» жаттықтырды. 2021 жылдың басынан «Қызыл-Жардың» бас бапкері. Жаңа бас бапкердің командасы үшін алғашқы сынақ 24 наурызда Молдова құрамасына қарсы болады.
Біздің серіктес: FONBET