24 жастағы қаптал вингері жыл басынан бері клубсыз қалған болатын.
Футболдағы алғашқы қадамын “Қайраттың” академиясында бастаған Улугбек 2021 жылдан 2026 жылдың басына дейін өзінің туған қаласының командасында өнер көрсетті. Онда вингер 71 матч өткізіп, 6 гол мен 1 голдық пас берді.
Айта кетейік, Хайтмуратов “Тараз” Бірінші Лигаға түскен уақыттан бері командамен бірге келеді.
Қазірде Улугбек қаралымда жүрген ұжым Владикавказда Қысқы Кубок турниріне қатысады. Аталған турнирде команда “Дигора”, “Лабуда”, СК ГМИ ұжымдарымен бақ сынасады.