Ұлы футболшының көз жасы

26.10.2021, 04:43
Футбол әлеміндегі ерекше дарыны мен ғажап ойынымен көзге түскен футболшылар аз емес. Бойындағы талантын асқан шеберлікпен пайдалана алып, жеткен жетістіктері мен көз жасына қалған кездерде болғаны да рас.
Ұлы футболшының көз жасы

Футбол тарихындағы үздік футболшылардың қатарында — Диего Марадонаның есімі ойып тұрып орын алады.

Бұл оның өміріндегі ең ауыр жеңіліске пара-пар. 1978 жылы небәрі 17 жасар футболшы Әлем чемпионатына бақ сынау үшін аямай еңбектенген еді. Бірақ жаттықтырушы тарап оны мундиальдағы ойындарға қатыстырмады. Тіпті тізімге де ілінбеді.

Марадона бас бапкер Сесар Луис Меноттиге қоңырау шалып жылағанын еске ала отырып, “Мен Меноттиді әлі күнге дейін кешірмедім, кешірмеймін де! Сол күні үйіміз біреу өлгендей аза күніне айналды. Әкем, анам, қарындастарым бәрі жылап отырды. Олар маған әлемдегі ең мықты футболшы екенімді, жас болғаным себепті әлі бес чемпионатқа қатыса алатынымды айтып жұбатты. Бірақ, бәрібір өздері жылап отырды. Сол күні өмірімдегі ең қайғылы күн болды. Содан кейін мен әлем чемпионатын міндетті түрде ұтамын деп өз-өзіме серт бердім. Жаныммен һәм тәніммен уақыты келіп өзімнің кім екенімді дәлелдеймін деп бел байладым”.

1978 жылы өткен әлем біріншілігі Аргентина үшін алғашқы жеңіс болған. Ал дәл сол сегіз жыл өткен соң Марадона өз сөзіне тұра біліп, 1986 жылы өткен мундиальда арманына жетті. 

Ерасыл Советбекұлы


Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×