Ұлықбек Асанбаев өзбек футболы жайлы: осының арқасында еуропалық скауттар өзбекстандық футболшыларды байқай бастады

Бүгін, 13:51

Ұлықбек Асанбаев жуырда «Манчестер Сити» жейдесін киген Абдукодир Хусановтың трансфері мен оған өзінің қатысы жайлы әңгімелерге нүкте қойды.

Ұлықбек Асанбаев өзбек футболы жайлы: осының арқасында еуропалық скауттар өзбекстандық футболшыларды байқай бастады
Абдуқодир Хусанов

Қазақстан құрамасы мен бірақатар отандық клубтардың намысын қорғаған маман сондай-ақ, өзбек футболының дамуы жайлы да тілге тиек еткен.

«Ерекше «дарындыларға» қайталап айтам, мен футбол агенті емеспін және ешқашан болған емеспін де. Менің жұмысым – ойыншыларды спорт тұрғысынан жетелеп, жөн көрсетіп жіберу, команда таңдасып, шеберліктерін шыңдауға қолайлы бапкерлер нұсқау. Абдуқодыр Хусановтың агенті Гайрат Хасбиуллин.

Жағдайды падалана отырып, ӨФҚ-ға (Өзбекстан футбол қауымдастығы) басшылық ететін Абдусалом Азизов пен ұйымның вице-президенттері Равшан Ирматов пен Одил Ахмедовке алғыс айтамын. ПФЛ директоры Диер Имомходжаевке де үлкен рахмет. Өзбек футболына тікелей қолдауы мен қамқорлықтарына арқасында U-17 құрама командасы жасөспірімдер арасындағы ӘЧ-ге жолдама алды, U-20 командасы Азия Кубогін ұтып, Әлем чемпионатына шықты, олимпиада құрамасы Париж ойындарында доп тепті, ал басты командасы ӘЧ-2026-ның іріктеуін табысты өткізуде. Міне, осы нәтижелердің арқасында еуропалық скауттар өзбекстандық футболшыларды байқай бастады.

Сол сияқты Беларусь пен оның халқына Өзбекстан мен Қазақстанның ойыншыларын жылы қабылдағандары үшін рахмет айтқым келеді. Олардың өсіп-жетілуіне Беларусь бапкерлерінің қосқан үлесі көп, әсіресе, Анатолий Юреевич пен Владимир Белявскийдің», - деген еді Ұ. Асанбаев.

Естеріңізге сала кетейік, Хусанов «Бунедкор» клубының түлегі. 2022 жылы Беларусь біріншілігінің «Энергетик-БГУ» клубына ауысып, одан кейін «Ланс» сапын толықтырған. 20-жастағы қорғаушы ағылшын клубымен 2029 жылға дейін келісімшартқа отырды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×