Ұлықбек Асанбаев Өзбекстан чемпионатының көшбасшысымен жұмыс істейді

11.04.2024, 09:23

Қазақстан Ұлттық құрама командасының бұрынғы ойыншысы әрі функционер Ұлықбек Асанбаев "Андижан" командасының кеңесшісі қызметіне кірісті. 

Ұлықбек Асанбаев Өзбекстан чемпионатының көшбасшысымен жұмыс істейді

Жаңа клубта 44 жастағы маман міндетіне селекция және трансфер мәселелері кіреді. Айта кетейік, Ұлықбек Асанбаевтың соңғы жұмыс орны "Ордабасы" болатын. Асанбаев шымкенттік клубтағы орнын осы жылдың ақпанында босатты. Сондай-ақ, ол ҚПЛ-де "Шахтер",  "Ақтөбе" секілді командаларда функционер қызметін атқарған. Ұ. Асанбаевтың жаңа ұжымы Өзбекстан біріншілігінің 5 турынан кейін көш бастап тұр. "Андижан" жаңа маусымда 5-сатыда келеді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 11
Ұнамайды 0
Күлкілі 2
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×