«Ұлытау» - «Атырау» кездесуіне болжам

27.09.2025, 13:33

Жезқазғандық клуб соңғы бес ойында бір-ақ рет ұтылды.

«Ұлытау» - «Атырау» кездесуіне болжам
«Атырау» ФК футболшылары жаттығуда

Осыншама матчта 8 ұпай еншлеп, турнирлік кестедегі жағдайын жақсартып алды. Бүгін маусымдағы ең маңызды ойын. Алаң иелері сәтті серияны жалғастыруға ниетті. Өткен матчта «Ақтөбеден» айласын асырған жезқазғандық команданың тағы бір батыс клубын жеңетін қауқар бар ма? 

«Атырау» бүгінгі кездесуге ең соңғы орында келіп тұр. Бірақ, бір саты жоғары «Тұраннан» бір-ақ ұпайы кем. Егер, Жезқазғанда жеңіс тіркесе, жағдайын айтарлықтай жақсартып алуы ықтимал. Ол үшін міндетті түрде 3 ұпай олжалауы керек. Атыраулық ұжымның да қарқыны жақсы - соңғы 5 матчта жеңілген жоқ (1 жеңіс, 4 тең ойын). 

Матчтағы голдардың жалпы тоталы 2.5-нан кем болады деп топшылаймыз. Бұған Fonbet.kz кеңсесінде 1.65 коэффициент береді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 2
Ұнамайды 1
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×