«Ұлытау» ел чемпионатында сенсация жасады

24.08.2025, 19:01

Қазақстан Премьер-Лигасының 22-тур матчында Жезқазғанның «Ұлытауы» мен Шымкенттің «Ордабасы» командасы кездесті.

«Ұлытау» ел чемпионатында сенсация жасады

Алғашқы тайм ашық футболмен басталып, қос команда да бірнеше голдық мүмкіндік жасады. Ал оныншы минутта Дмитро Юсов есеп ашты. Екінші таймда алаң иелері қорғанысқа көбірек көңіл бөлді. Әйтсе де олар гол өткізіп алды. Алайда бірнеше минуттан соң Георгий Бугулов бұрыштан берілген допты баспен дәл бағыттап, аутсайдерлерге жеңіс сыйлады. 2:1.

Осылайша «Ұлытаудың» ұпай саны 17-ге жетіп, олар турнир кестесінде 12-орынға көтерілді. Ал 28 ұпайы бар «Ордабасы» сегізінші орында тұр.

«Ұлытау» — «Ордабасы» 2:1 (1:0)

Голдар: Юсов 10 (1:0), Сұлтаниязов 76 (1:1), Бугулов 79 (2:1)

Орындалмаған пенальти: Молдақараев 90+4 (штанга).

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

футбол
Aladop Youtube
×