Жезқазғандық клуб дәл қазір 12 ұпаймен он екінші орынға жайғасқан.
Соңғы екі кездесуде қатарынан жеңіліс тапты. Сырт алаңда «Жеңіске» жеңілгенін түсінуге болатын болса 0:2, ал өзінің алаңында «Жетісудан» ұтылғаны біртүрлі көрінді. Қалай дегенде де, талдықорғандық клуб «Ұлытаудан» соншалықты мықты емес, қай жағынан алып қарағанда да бұл екеуі деңгейлес командалар саналады. Бірақ, алаң иелері тікелей бәсекелесіне қайратын өткізе алмай, ауадай қымбат ұпайдан қағылды 1:2. Нұркен Мазбаевтың команданы тығырықтан шығару үшін келгені анық. Бірақ, қолынан қаншалықты келер екен бұл миссия?
Семейлік команда өткен турда тартысты ойында «Тобылдан» ұтылған 2:3. Жалпы, бүгінгі ойынға байланысты бір инсайдымыз да бар - «Ұлытау» - «Елімайға» Александр Затуло төрелік жасамақ. Қысқасы, өткен жолы ұтылған қонақтардың Жезқазғаннан үш ұпаймен қайтуы үшін барлық «жағдайлар» жасалып қойған деген ақпарат бар. Біз бұл жерде нақты бір дәйек келтіріп отырған жоқпыз, бірақ Қазақстан чемпионатында келісілген ойындардың барын бәрі баяғыдан біледі... Қысқасы, аталған ойында біраз дүние алдын-ала шешіліп қойған болуы ықтимал.
Сондықтан, біз бұл матчта семейлік клуб жеңіске жетеді деп топшылаймыз. Бұған Fonbet.kz букмекерлік кеңсесі 1.63 коэффициент береді.