“Ұлытау” футбол орталығының бапкерлері жалақыларын ала алмай келеді

Ұлытау облысындағы жергілікті футболшыларды дайындайтын мекемеде мәселе қаржыға келіп тірелуде.

“Ұлытау” футбол орталығының бапкерлері жалақыларын ала алмай келеді

Бүгін “jezcars” аты инстаграм әлеуметтік желісіндегі парақшасында “Ұлытаудың” футбол орталығына байланысты даулы ақпарат шықты. Онда жергілікті академияда қызмет жасайтын бапкерлер мен қызметкерлер тиесілі жалақыларын ала алмай отырғаны жайында баяндалған. Соның кесірінен “Ұлытау “футбол орталығындағы азаматтар өз отбасын асырау үшін қарызға кіріп, қосымша жұмыс жасауына тура келген. 

Егерде жалақы мәселесі жақын уақыттары шешілмесе, облыстағы тәжірибелі бапкерлер өз орнын босату туралы арыз жазатындарын ескертіпті. 

Қазірде футбол орталықтың мамандары Ұлытау облысының әкімі Дастан Рыспековтың көмегіне жүгініп, арнайы хат жолдады. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

футбол
Aladop Youtube
×